Ақтау және Атырау гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдер тексеруден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Ақтау және Атырау гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерді жоспарлы тексеру жүргізді.
None
None

Жұмыс барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы басқармасының кешенді комиссиясы бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің, қару-жарағы мен әскери техникасының, оқу-материалдық базасының, жасақталуының жай-күйін, жеке құрамның жауынгерлік машықтануын тексерді. «Әскерлер қызметіне, әуе кеңістігін күзету бойынша жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы мен атқарылуына ерекше назар аударылды. Мұнда жойғыш авиация, зениттік зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелер еліміздің әуе кеңістігінің күзетін қамтамасыз етуде. Бас қолбасшы салынып жатқан инфрақұрылым нысандарындағы жұмыстың барысымен, авиация базасы штабының және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы басқа да әскери объектілерінің құрылысымен танысты», - делінген Қорғаныс министрлігінің мәліметінде. Сондай-ақ комиссия мүшелері әрбір бөлімде болып, жеке құрам қызметінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты және тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен командирлердің құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, моральдық-психологиялық ахуалды бағалады. Жұмыс қорытындысы бойынша ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Ақтау және Атырау гарнизондары әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет пен жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруына оң баға берді.

Соңғы жаңалықтар