Ақтауда 1 тамыздан бастап су, жылыту және кәріз тарифтері өзгереді

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық мекемесінің өтінімі бойынша бекітілген судың барлық түрінің, жылу энергиясының және кәріздің жаңа тарифтері белгілі болды. 

Ақтауда 1 тамыздан бастап су, жылыту және кәріз тарифтері өзгереді
Фото: Pixabay.com

Жаңа тарифтер 2025 жылдың 1 тамызынан бастап есептеледі. Өсім электр энергиясының қымбаттауымен байланысты.

— Тарату желілері арқылы ауыз су беру қызметтеріне тарифтер 1 шаршы метр үшін 147,19 теңгеден 149,18 теңгеге дейін, техникалық су — 1 шаршы метр үшін 65,92 теңгеден 65,96 теңгеге, ыстық су — 1 шаршы метрі 174,01 теңгеден 180,39 теңгеге өсті. Ал, жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтер 1 Гкал үшін — 1208,85 теңгеден 1249,89 теңгеге дейін өсті. Шығару және су бұру тарифі — текше метр үшін 85,67-ден 88,60 теңгеге қымбаттады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, Маңғыстауда экологиялық заң талаптарын бұзған 11 карьердің анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар