Ақтауда 16 жасар қыздың мәйіті табылды

Ақтауда кеше сағат 19:00 шамасында 17 шағын ауданда қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Kazinform

"Жедел тергеу тобы шақыруға шықты. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ 16 жасар қыздың мәйіті табылды" делінген баспасөз мәліметінде.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар