19:21, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтауда 25 орындық шағын орталық ашылды
АҚТАУ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда №17 орта мектеп жанынан мемлекеттік тілде оқыту жүргізілетін 25 орындық шағын орталық ашылды.
«Шағын орталықты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі жөнделіп, барлық санитарлық техника ауыстырылды, оқу құралдары сатып алынды. Мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндермен жұмыс істеу үшін мектептің штатына 2 тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі және медициналық қызметкер қабылданды. Шағын орталық 4 кабинеттен тұрады», - деді Ақтау қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Ырыскүл Имамбаева.
2012 жылдың соңына дейін жергілікті билік №23 орта мектепте және жекеменшік балабақшада шағын орталықтар ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, күрделі жөндеуден кейін тағы 2 балабақша ашылады.