Ақтауда 30-ға жуық шағын аудан сусыз қалды

20 қазан күні Ақтаудың жиырма алты шағын аудананында ауызсу болмайды. Оған ауызсу құбырындағы авариялық жөндеу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды Kazinform. 

Ақтауда 30-ға жуық шағын аудан сусыз қалды
Фото: ult.kz

«4-Орталық сумен жабдықтау торабының магистральдық ауызсу құбырында авариялық жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты 20 қазан сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақтау қаласының келесі аталған шағын аудандарында ауызсудың өшірілетінін хабарлаймыз: 16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 32в, 33, 34, 35, 38, Толқын-1, 2, Шығыс-1,2,3, Самал-2. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің таратқан хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар