Ақтауда 47 жастағы ер адам Каспиге батып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтаудағы «Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда қайғылы оқиға болды. 30 тамыз күні куәгерлер ер адамның денесін тауып алып, судан шығарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Lada.

Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Фото: freepik.com

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 30 тамыз күні таңғы сағат 9:54-те «Алау» балалар лагері аймағындағы жағалауда болған.

Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.

"Ол суға түсуге тыйым салынған аймақта суға түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда үйінің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген тұрғын туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Ақтау әуежайында «Best Airport Service» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар