Ақтауда 8 шағын ауданның тұрғындары ауыз сусыз қалды
АҚТАУ. KAZINFORM — Қалада ауыз су мәселесі кеше басталған. ЦУВС-3 магистральдық құбырының бойында 110 метр аумақта апат болған. Салдарынан 8 шағын ауданда су жоқ. Апат болған жерде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Каспий жылу су арнасы» мекемесінің басшысы Танаш Ускеновтің айтуынша, кеше судан ажырап қалған шағын аудандарға ЦУВС-4 сумен жабдықтау торабынан су берілген. Алайда бүгін таңертең 24-шағын ауданда тағы екі жерде апат болды.
— Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. ЦУВС-4 орталығынан су беріліп жатыр. Тұтыну көлемі артты. Көп ұзамай жағдай тұрақталуы тиіс, — дейді Танаш Ускенов.
Алайда, тұрғындар пәтерлерінде ауызсудың жоқтығын айтып, Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм чатында шағымданып жатыр.
Бұған дейін, Маңғыстаудың Қарақия ауданында дронға ұқсас зат табылғаны туралы жазған едік.