Ақтауда «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы - әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

АҚТАУ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы - әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияда Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев шығармалары туралы бірнеше баяндама тыңдалып, оларға талдау жасалды.

Әбіш Кекілбайұлы шығармаларының әдеби, тілдік, тарихи, психологиялық, тәрбиелік және этнографиялық ерекшеліктері зерделенген ғылыми-теориялық зерттеулер баяндалды. Сондай-ақ, жаратылыстану және гуманитарлық саладағы өзге де ғылыми мәселелер талқыланды.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаровтың айтуынша, ғылыми-теориялық конференцияға алдын ала 82 баяндама келіп түскен.

Олардың ішінде шетелдік ғалымдардың зерттеулері де бар. Еңбектер жинақталып, конференцияға қатысушыларға таратылды. Халықаралық шара одан әрі, «Әдебиет және ұлттық рух», «Тіл білімінің теориялық мәселелері», «Тарих және тағлым» атты бөлімдермен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар