13:52, 24 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Ақтауда алғаш рет TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
АҚТАУ. KAZINFORM – 2025 жылдың 4-10 қазан аралығында түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтіліп отыр.
Қатысушы елдер қатарында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Ақтауға түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілуімен құттықтағанын жазған едік.