12:21, 24 Тамыз 2016 | GMT +5
Ақтауда алты жасар қызды зорлауға қатысы болуы мүмкін күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда алты жасар қызды зорлауға қатысы болуы мүмкін күдікті ұсталды, деп хабарлады Лада.kz Маңғыстау облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

«23 тамыз күні Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлауға қатысы болуы мүмкін күдікті, дүкеннің бейнебақылау объективіне түсіп қалған ер адамды ұстады», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктіні Ақтау маңындағы құрылыс нысандарынан тапқан. Полиция күдіктінің қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатқандарын хабарлады.
- Әзірге ұсталған ер адамның бұл қылмысқа қатысы жөнінде бірқатар сараптамалар жүргізілуде. Басты күдікті ұсталғандықтан, полиция аталған видеоны енді таратпауды өтінді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.