00:26, 15 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақтауда ана өліміне байланысты перзентхана басшысы сот алдында жауап береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 114-бабының 4 бөлігімен «Ақтау қалалық перинаталды перзентхана үйінің» директоры міндетін атқарушы Ж.Керимбековаға, босану бөлімінің меңгерушісі С.Аймекенге және анестезиолог-ревматолог С.Сарбасовқа қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.
Тергеу органдары оларға қызметін атқару барысында кәсіби міндеттеріне немқұрайды қарағандықтан босанушы К.Бисенованың өліміне себеп болды деген айып тағып отыр. Басты сот талқылауының бірінші күні, ағымдағы жылдың 13 қаңтарында мемлекеттік айыптаушымен сотталушыларға тағылған айып бойынша істің айыптау мәні баяндалып, жәбірленуші өкілінен және 4 куәдан жауап алынды. 14 қаңтарда кезекті сот отырысында 6 куә сұралды. Келесі сот отырысы 16 қаңтарға тағайындалды.