Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

АҚТАУ. KAZINFORM – Бұл туралы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

военные солдаты әскери сарбаздар призыв әскерге шақыру
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

- Үстіміздегі жылдың 28-қыркүйегінде Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін, 1985 жылы туған әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерінен табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған, - делінген хабарламада. 

Алдын-ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған. Оқиғаның себептері анықталуда. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. 

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бұған дейін, Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар