Ақтауда автокөлік аударылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жол апаты 8 қазан күні кешке Ақтаудың 16,17 және 19 ықшамаудандары арасындағы қиылыста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасына қатысушылар – BMW және Lada Priora көліктері. Олардың соқтығысуы салдарынан «Lada Priora» маркалы көлік аударылып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, Lada Priora жүргізушісі басты жолда келе жатқан BMW жүргізушісіне жол бермеген.
«Lada Priora жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл түрағына жіберілді», - деп атап өтті полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.