16:14, 30 Шілде 2025 | GMT +5
Ақтауда әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды
АҚТАУ. KAZINFORM — Қайғылы оқиға 29 шілдеде сағат 19:00 шамасында болған.

27-шағын аудандағы 4-үйде жоғары қабаттардың бірінен әйел құлап, қоқыс жәшігіне түскен. Айта кетейік, аталған үй 9 қабатты.
Тұрғындар жантүршігерлік жайттан шошынып қалғандарын айтады. Марқұм қою көк түсті арнайы формаға ұқсас киім киген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
— Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, — делінген хабарламада.
Бұған дейін, Ақтауда жалаңаш ер адам 11 қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен еді.
Сонымен қоса бүгін Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткені белгілі болды.