Ақтауда азық-түлік сақтайтын қойма өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан азық-түлік сақтау қоймасы өртенді. 

Ақтауда азық-түлік сақтау қоймасы өртенді
Фото: Kazinform

Бүгін сағат 20:50-де Маңғыстау облысының 101 ТЖД пультіне Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан азық-түлік сақтау қоймасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Дереу келген құтқарушылар 70 шаршы метрді аумақты шарпыған өртті 18 минут ішінде өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Айта кетелік бүгін Астанада «7 бөшке» тұрғын үйі өртенген еді.

Соңғы жаңалықтар