Ақтауда басына диван құлаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қайта тергелетін болды

АҚТАУ. KAZINFORM – Бас парокуратура Маңғыстау облыстық полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөліміне ("кісі өлтіру") ауыстырды. 

уголовное дело, қылмыстық іс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған болатын

Соның салдарынан 39 жастағы азамат сал болып қалды. Науқас 8 ай бойы ауруханада жатып, ауруынан айыға алмай қайтыс болды

Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Алайда кінәліні таба алмай, іс тоқтап қалды. 

Соңғы жаңалықтар