Ақтауда бір түнде үш көлік пен бір автобус отқа оранды

АҚТАУ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтауда бір түннің ішінде үш көлік пен бір автобус өртенді, тағы бес көлік зардап шекті.
None
None

Барлық оқиғалар Ақтау қаласының жоғары бөлігінде тіркелді.

«Өрт сөндіру қызметіне бірінші шақырту сағат 2:49-да 28-ші шағынауданнан келіп түсті, №10 үйдің ауласында 2003 жылы шыққан «Mitsubishi Endeavor» көлігі жанып жатты. Жалын жақын тұрған көліктер: 2006 жылғы «Hyundai Elantra», сондай-ақ 1993 жылы шыққан «Nissan Terrano» зардап шекті.

Сағат 2:50-де өрт сөндірушілерге сол шағынауданда орналасқан 17-ші үйдің маңында «Mazda MPV» көлігі отқа оранып жатқандығы туралы хабарланды. Тілсіз жауды құтқарушылар келгенге дейін ауыздықтау мүмкін болды.

Сондай-ақ сағат 5:23-те 28-ші шағынауданда 2008 жылы шыққан «ПАЗ-4234» пен 2012 жылғы «ВАЗ 21144 110» көлігі өртенді. Жоғары температура салдарынан оларға жақын тұрған үш көлік: «Mitsubishi Ailtrek», «Opel Omeqa», сондай-ақ маркасы анықталу үстіндегі белгісіз көлік зардап шекті», - деп баяндады Маңғыстау облысы бойынша ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» ММ-нің бас маманы Рукья Сычева.

Зардап шеккендер жоқ. Кезекші тергеуші болған оқиғалардың себептері мен шығынын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар