Ақтауда бизнес-форумның қорытындысы бойынша қазақстандық-чехиялық 6 меморандумға қол қойылды

«Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы» бірінші меморандумға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев және «Puro-Klima Export» АҚ президенті Яромир Фербр қол қойды. Екінші - «Инвесторларды тарту туралы» меморандумға - «МорПорт Ақтау» ЕЭА»» АҚ атынан Әмірбек Төлегенов және Яромир Фербр қол қойды.
«Ақтау қаласының оңалту орталығының тапсырыстарын қамтамасыз ету туралы» үшінші меморандумға Яромир Фербр және «Tree of life Kazakhstan» ЖШС директорының орынбасары А.Мамытова өз қолдарын қойды. Төртінші - «Коммуналдық шаруашылыққа озық технологияларды енгізу саласында тәжірибе алмасу туралы» меморандумға Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин және «Puro-Klima Export» инвестициялық кешендер экспорты бөлімінің директоры Павел Немец қол қойды.
Бесіншісі - «Автобустар сатып алу және өндіру туралы» меморандумға «Каспий» ӘКК» ҰК»» өкілі Руслан Жапаров және Zliner s.r.o. компаниясының иесі Мирослав Збожинек қол қойды. Алтыншысы - «Жоба институтын құру туралы» - оған Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының бастығы Алмаз Дулат және «Penta Atelier» компаниясының директоры Яромир Хомолка қол қойды.
«Каспий теңізі жағалауындағы кездесулер» халықаралық экономикалық форумының қатысушылары «МорПорт Ақтау» ЕЭА»» АҚ, «Риг» ЖШС, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ны аралады.
Екіжақты кездесу нәтижесі - маңызды әрі өзара ұтымды бастамаларды іске асыру болуы тиіс деп атап айтты диалогқа қатысушылар.