Ақтауда «Брэк-дэнстан» әлем чемпионатына іріктеу турнирі болды

АҚТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Брэк-дэнстан» әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысты ұйымдастырушы «Брэк дэнс федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі аталмыш шараны Астананың мерейтойына арнап отырғандарын айтты.

Турнирге Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарынан келген 12 команда қатысты.

«Нұр Отан» партиясы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткен шарада 8 бен 26 жас аралығындағы 180 талапкер өз өнерлерін көрсетті.

Би сайысына қатысушылардың шеберлігін Ресей, Германия және Швейцариядан келген бишілер таразылады.

Олардың арасында брэк- дэнстен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Валтер Петронголо да бар.

14 жасқа дейінгі бишілер арасында Ақтау қаласындағы балалар ауылының тәрбиеленушісі Иван Горбатов үздік деп танылды.

Ал ересектер арасында теміртаулық Роман Лунев пен қарағандылық Зарина Ескенова жеңімпаз атанды.

Әлемдік сайысқа қатысуға іріктеу кезінде 4 үздік бишілер тобы финалға шығып, бас жүлде астаналық «Simple system» тобына бұйырды.

Олар ұйымдастырушылар тарапынан 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды, сонымен қатар күзде Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Елордалық бишілер бұл жеңістерін Астана күні мерекесіне арнады.

«Біз үшін әлемдік чемпионатқа іріктеу лицензиясын жеңіп алу оңай болған жоқ. Бүгінгі күнге дейін ТМД елдерінен тек Ресей ғана әлемдік додаға қатысуға мүмкіндік алған еді. Енді міне біздің бағымыз жанды. Елімізде алғаш рет іріктеу кезеңін өткізудің өзі үлкен жеңіс», деді «Брэк -дэнс федерациясы» РҚБ жетекшісі Мария Гусейнова.

Соңғы жаңалықтар