20:09, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Ақтауда бүгін 558 мектеп түлегі ҰБТ тапсырды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бүгін 968 түлектің 558-і ҰБТ тапсырды. Бұл туралы Ақтау қалалық Білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева хабарлады.

«Бүгін Ақтауда ҰБТ тапсыру басталды. Сынақ Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің қабырғасында өтіп жатыр. Бүгін сыннан 558 адам өтті. Олардың 28-і «Алтын белгiге» үміткер. 25 түлек үздік аттестат алуға үмітті, олардың басым бөлігі - 24 адам тестілеуден бүгін өтті, біреуі ғана 5 маусымда тапсырады», - деп нақтылады ол.
Жалпы, қалада 2014-2015 оқу жылында 25 орта білім беру мектебін, 1 жекеменшік және 2 кешкі мектепті 1443 оқушы тәмамдайды. Олардың 968-і 5 маусымға дейін ҰБТ тапсырады. Мемлекеттік комиссия төрағасы - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков.