Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Президент тапсырмасына сай Маңғыстау облысында тұңғыш рет спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды 
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бұл — өңірде алғаш рет ашылып отырған, спорт пен білімді ұштастыратын арнайы оқу орны. Мекеме олимпиадалық спорт түрлері бойынша дарынды балаларды кәсіби деңгейде даярлауға бағытталған.

Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды 
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Интернат 300 оқушыға арналған. Оның ішінде 250 бала жатақханамен қамтамасыз етілсе, қатынап оқитын 50 оқушы үшін арнайы тасымал қызметі ұйымдастырылған.

Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды 
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Оқу орнында бокс, дзюдо, таеквондо, еркін және грек-рим күресі бойынша жаттығулар өткізіледі. Оқушылар күн сайын екі мезгіл жаттығып, тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен дайындықтан өтеді.

Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды 
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Интернат-колледждің инфрақұрылымы заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Мұнда спорт және күрес залдары, оқу кабинеттері, кітапхана, медициналық орталық, жатақхана мен асхана қарастырылған. Оқу мен жаттықтыру жұмыстары мемлекеттік білім стандарттары мен спорттық талаптарға сай жүзеге асырылады.

Ақтауда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды 
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Айта кетейік, БҚО ауылдарында 50-ден астам емхана, 20-дан астам мектеп ашылды.

Соңғы жаңалықтар