Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, төртінші қабаттан секіріп кетті

АҚТАУ. KAZINFORM – Оқиға қаладағы 28 А шағынаудан 4-үйде болған.  

а
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам өзіне пышақ сұғып, «Мен істеген жоқпын ондай қылмысты» деп терезеден секіріп кетті.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

— Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, — деп жазылған хабарламада. 

Ескерту: Оқиғаның видеосын балалар, жүкті әйелдер және психикасында проблемасы бар адамдар қарамағаны жөн. 

Бұған дейін Маңғыстаудың Бейнеу ауылында мектепте 16 оқушының уланғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар