Ақтауда ер адамды сабап, пышақтап, ауруханаға тастап кеткен күдікті ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат -Ақтауда ер адамды ұрып-соғып, пышақпен жаралап, 3 қаңтар күні Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне әкеп тастаған күдіктіні ізін суытпай ұстады.

 Ақтауда ер адамды сабап, пышақтап, ауруханаға тастап кеткен күдікті ұсталды

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

«ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жазира Әбіл.