Ақтауда «Есірткі бизнесі және нашақорлық» тақырыбында семинар-кеңес өтті

None
None
None

АҚТАУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат. /Анаргүл Төлегенова / -

  Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде «Есірткі бизнесі және нашақорлық»  тақырыбында семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған шараға облыстық есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жөніндегі комиссияның, облыс көлеміндегі діни бірлестіктердің өкілдері, «НұрОтан» ХДП, ҰҚКД, СПИД орталығының,  қоғамдық ұйымдар мен денсаулық сақтау, білім беру бөлімдерінің және БАҚ өкілдері қатысты.

 Маңғыстау облысы аумағында жыл басынан бері  есірткімен байланысты құқық бұзушылықтың 130 фактісі тіркелген болса, оның 88-іне қылмыстық іс қозғалған.

 Сондай-ақ заңсыз айналымнан барлығы 5 киләдан астам есірткілік заттар тәркіленген. «Олардың 150,57 грамы героин, 5кг. 212 грамы - марихуана және 3,50 грамы- гашиш түріндегі есірткілік заттар», - деді жиналғандар алдында мәлімет берген есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма бастығы Рашид Құлбаев. 

Соңғы жаңалықтар