Ақтауда Еуразиядағы Бүкіләлемдік мұралары қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 24-27 тамыз күндері Еуразиядағы Бүкіләлемдік мұралары қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясы өтеді, бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Ұйым 1993 жылы құрылып, екі жылдан кейін осы ұйымның шешімімен 8 қыркүйек әлемдік қалалар күні болып бекітілген. Бүгінге дейін Бүкіләлемдік мұралар қалаларының конференциялары Түркияның Стамбул, Сафранболу, Қытайдың Лицзянь, Индонезияның Суракартра және Татарстанның Қазан қаласында екі рет өтті. Биылғы ұйымдастырушы Ақтау қаласы 2014 Ұйымның (БМҚҰ/ОГВН) бақылаушысы болып белгіленген.

Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, шара ЮНЕСКО қамқорлығы аясында өткізілгелі отыр. Конференцияға 200-ге жуық қонақ келеді. Олар - Біріккен қалалар және жергілікті билік ұйымы, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік мұралар қалаларының ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтардың өкілдері мен сарапшылары, Еуразия қалаларының мэрлері, Ақтаумен бауырлас қалалардың басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның мәдениет, тарих саласының көрнекті өкілдері, ғалымдар және Қазақстан қалаларының әкімдері. Бағдарлама бойынша, ауқымды шара аясында қонақтар Маңғыстаудағы мәдени-тарихи нысандарды аралап, Ақтау қаласында дайындалған этноауылды тамашалайды. Онда қазақ халқының дәстүрі, мәдениеті көрсетіледі. Конференцияда қазақстандық ғалымдар мен мамандардың және шетелден келген қонақтардың баяндамалары тыңдалады.

Соңғы жаңалықтар