Ақтауда эвакуациялық пункт ашылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Жылыой ауданының азаматтарына арналған эвакуациялық пункт ашылды.

Эвакуация жителей Кульсары и борьба с паводком продолжаются в Атырауской области
Фото: Атырау облыстық әкімдігі

Қаланың 17 шағынауданында орналасқан жатақханаға Құлсарыдағы су тасқыны кезінде көшірілген тұрғындардың бір легі орналасады. 

Сонымен қатар, Ақтау қаласы бойынша 24/7 CALL-орталық жұмыс тәулік бойы жұмыс істейді. Қажет жағдайда көмекке жүгінгендерде 8 (7292) 33 65 04 байланыс нөміріне хабарласа алады.

Бүгінде Маңғыстаулық дәрігерлер Бейнеу ауданына эквакуцияланғандарға медициналық көмек көрсетуге аттанған болатын. 

Сондай-ақ, Су басқан Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына апаратыны мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар