Ақтауда халықаралық «BIG4 2023» атты мұнай-газ көрмесі өтіп жатыр
Ақтауда «BIG4 2023» Орта Азияның негізгі төрт жетекші саласының халықаралық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
«OIL City Aktau-hub» көрмесіне 180-ге жуық зауыттың мұнай-газ жабдықтары мен материалдары ұсынылған. Көрме мұнай-химия, тау-кен өндіру, электр энергетикалық жабдықтар, машина жасау және құрылыс үшін жабдықтар импорттауға бағытталған.

- «BIG4 2023» көрмесі - өнімді көрсету, сертификат алуға көмектесу, коворкинг орталығы, нарықты ашу және зерттеу, техникалық байланыс, сатып алуға қатысу, тапсырыстарды рәсімдеу, сақтау және логистика, қызмет көрсету және сатудан кейінгі сервистік қызметтердің бірегей толыққанды циклді платформасы. «Oil City Aktau-hub» көрме орталығы Қытайдан Қазақстанға және Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріне өнім жеткізуге бағытталған. 2024-2025 жылдары Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында осындай көрме орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Көрме 28-30 қараша аралығында өтеді. Көрме аяқталғаннан кейін де тапсырыс беруші кез келген уақытта келіп, мұнай-газ жабдықтары және материалдарымен таныса алады, - деді «Oil city Aktau-hub» көрме орталығының директоры Михаил Мешуков.