19:41, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Ақтауда халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды
АҚТАУ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтауда халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды, оған Франция, Италия, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан сияқты 15 мемлекеттен келген 70-тен астам компания қатысуда.

Биылғы жылы жәрмеңкеге Африка өкілдері қатыса алмады, олар қала тұрғындарын келесі жылы қуантуға уәде етті.
«Мұнда алуан түрлі зергерлік бұйымдар, аяқ киім, галантерея, парфюмерия және косметика, киім-кешек, тұмарлар мен кәдесыйлық өнімдер, ағзаны сауықтыруға арналған тауарлар, шайдың түрлі сұрыптары, балдың қырықтан астам түрлері, тәттілер өндіруші зауыттардың бағаларымен ұсынылды. Кіру тегін. Тұрғындардың неғұрлым молынан келуі үшін осылай еттік. Бұдан басқа, біз көрмеге келушілер арасында тегін сыйлықтар ойнатуды ұйымдастырдық. Соңғы сыйлықтар бүгін ойнатылды - бұл декупаж техникасындағы әшекейленген тәрелкелер», деп атап өтті ұйымдастырушы-компания - «АСВС» көрме компаниясының өкілі Әсел Құрманғалиева.
Көрме 19 ақпанға дейін жалғасады.