Ақтауда Химик күніне орай аммиак тыңайтқыштары зауытының қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда Қазақстандағы бірден-бір аммиак тыңайтқыштары зауытында Химик күніне арналған мерекелік шаралар өтті.
None
None

Кәсіпорынның 56 қызметкері үкіметтік наградаларға, түсбелгілерге, облыс әкімінің алғысхаттары мен құрмет грамоталарына ие болды, сондай-ақ «Мамандығы бойынша ең таңдаулы» конкурсының жеңімпаздарына, спорт жарыстарында оза шапқандарға құрмет көрсетілді.

«Зауыт тарихы 1968 жылдан басталады, сол жылдардан бері өрлеу де, құлдырау кезеңін де бастан өткерді. 2015 жылғы 11 қарашада «ҚазАзот» ЖШС-ға 10 жыл толады. Осы кезеңде зауыт алғаш рет 264 мың тонна аммиак селитрасын өндірді. Биылғы жылдың ақпан айында біз «Шағырлы-Шөмішті» кенішінен өз мұқтаждарымыз үшін табиғи газ өндіруді бастадық. 2011 жылдан бастап, зауытты жаңарту жұмыстары жүргізілуде, ол өндіріс қуатын арттыруға және кәсіпорын деңгейін алыс және таяу шет елдердің ірі химиялық зауыттарымен бір қатарға қоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті марапаттарды тапсыру рәсімінде Бахарадин Әбіләзімов.

Зауыт қызметкерлерін мерекемен Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов құттықтады.

Зауыттың 5 қызметкері «Еңбек ардагері» медалын алды (олардың еңбек өтілі - 45-49 жылдан), 15 адам Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың құрмет грамоталары мен алғысхаттарына ие болды. 16 қызсметкер «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

«Мамандығы бойынша таңдаулы» конкурсында 11 адам марапатталды. Олардың төртеуі - бірінші орынға ие болды, тағы төртеуі - екінші және үшеуі - үшінші орындарды иеленді. Тағы үш грамота мен кубокты мини-футбол жеңімпаздары иеленді.

Соңғы жаңалықтар