Ақтауда «КазАзот» кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Ауа сапасы
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM – Бүгін әлеуметтік желіде «КазАзот» кәсіпорнының құбырларынан сары түсті түтіннің шығып жатқаны туралы бейнежазба тарады.

«КазАзот» АҚ-ның бас технологы Ерлан Кудашевтің айтуынша, бүгін, 17 шілдеде сағат 07.40-та қалыпты технологиялық режимінің ауытқуы болып, соның салдарынан әлсіз азот қышқылын өндіру цехында, ауаға азотты газбен қысқа мерзімді түтін шыққан. 

Ауа сапасы
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

— Шығарылғаннан кейін бірден техникалық персонал зардаптардан ауытқу себептерін жою жұмыстарын жүргізді. Негізгі себеп — өндірістік жабдықтың жоғары температурада жұмыс істеуі. Бұған қоршаған орта мен теңіз суының жоғары температурасы тікелей әсер етеді, бұл кезде өндірістегі су айналымы салқындатылуы керек. Ауа райы ысығалы технологиялық персонал күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осы зардаптардың себептері болып табылатын осындай ауытқуларды болдырмау үшін, барлық алдын алу шараларын қабылдайды. Өңірлік қадағалау органдарына ауытқушылық туралы дереу хабарланды, - дейді бас технолог Ерлан Кудашев. 

Кәсіпорын өкілінің айтуынша, қысқа мерзімді түтін тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейді.

Ауаға азот тарады
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Осы оқиғаға орай, Маңғыстау облыстық экология департаментіне сұрау салған болатынбыз.

Департамент басшысы Армат Жүсіпқалиев кәсіпорынға тексеру ашылатынын жеткізді. 

— КазАзот мекемесінен бізге хабарлама келді. Айтуларынша оқиға бүгін таңда болған. Қондырғылардың бірін іске қосу жұмыстары кезінде технологиялық режимнің ауытқуынан, ауаға нитрозды газ бөлініпті. Біздің тарапымыздан тексеру жүргізу үшін, құзырлы органнан рұқсат алып жатырмыз. Тексеру нәтижесін жариялайтын боламыз, - дейді департамент басшысы. 

Соңғы жаңалықтар