Ақтауда кепілдендіру бойынша алғашқы үшжақты келісімшартқа қол қойылды

АҚТАУ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтауда кепілдендіру бойынша ағымдағы жылғы алғашқы үшжақты келісімшартқа қол қойылды
None
None

- ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы, «ЦентрКредит» банкінің филиалы және «АЛЕНсауда» ЖШС арасында.

Аталмыш ЖШС Жаңаөзен қаласында жалпы аумағы 4 мың 447 шаршы метрді құрайтын өндірістік базаны сатып алуда.

«Компания Қазақстан бойынша өндіруші компаниялардың негізгі дилері болып табылады. Алғашқы кезде базаның аумағындағы ғимарат облыстың түкпір-түкпіріне бағасы 10 пайызға ғана арттырылып сатылатын болатын азық-түліктерді сақтау үшін пайдаланылады, кейіннен мұнда қағаз өнімдерін шығару өндірісі қолға алынады», - деп атап өтті «АЛЕНсауда» ЖШС-нің директоры Кенжебай Ермеков.

«Қарыз сомасы 24 млн. теңгені, қордың кепілдікті сомасы - 12 млн. теңгені, яғни 50 пайызды құрайды. Кәсіпкер мемлекеттен бірыңғай көмекті: арнайы жоспар аясында 10 пайыздық несие, 7 пайыздық субсидиялау және 50 пайыздық қамтамасыз ету бойынша кепілдендірудің келісімшартын алды. Бизнесмен банкке оның тек 3 пайызын төлейді», - деп атап өтті «Даму» КДҚ» аймақтық филиалы директорының міндеттерін атқарушы Әсет Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар