Ақтауда қоғамдық көліктер жүрмей жатыр
АҚТАУ. KAZINFORM – Бүгін таңнан бастап, қалада қоғамдық көліктер жүрмей қалған. Салдарынан тұрғындар күтпеген жерден тығыраққа тірелгенін айтып, шағымданып жатыр.

- 3 А автобусын ұзақ күттік. Қасымызда тұрған жолаушылар болып 2 ГИС-ті қарасақ, қалада мүлде қоғамдық көлік жоқ екен. Жаяу кетуге тура келді. Бүгін такси жүргізушілердің жолы болды, - дейді тұрғындардың бірі.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Тек санаулы бағыттардың автобустары жұмысқа шықпаған.
- Қазір Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі автопаркпен хабарласып, жағдайды анықтап жатыр, - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде ауыз суға шектеу енгізілгені туралы жазған болатынбыз