Каспийде қолдан жасалған салмен жағадан алысқа кетіп қалған 6 жеткіншек құтқарылды
АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында құтқару операциясы өтті.
Бүгін ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп, қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ қауіпсіздік талаптарын еске салады:
- суда құтқару кеудешесін киіңіз;
- қайықты ішімдік ішкен күйіңізде басқармаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.