16:17, 10 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жасөспірім есін жиды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған 17 жастағы бала есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баланың жағдайы ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаев.
Еске салайық, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген еді.