Ақтауда көшеде келе жатқан көлікті өрт шалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 28, 29, 30 шағын аудандарының қиылысында кеше кешкі сағат 20.45 шамасында Daewoo Nexia көлігі өртке оранған. Куәгерлердің айтуынша, автомобиль жүріп келе жатқан кезінде өртенген.
None
None

Абырой болғанда, көлік жүргізушісі одан жылдам шығып үлгерген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полицейлер келіп жеткен. Оның салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды lada.kz.

Соңғы жаңалықтар