18:32, 28 Қараша 2023 | GMT +5
Ақтауда көшеден ер адамның мәйіті табылды
Ақтауда 7 шағынаудандағы 3-үйдің артынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

15 қарашада 102 кезекшілік пультіне 7 шағынаудан 3-үйінің артында ер адамның мәйіті жатыр деген шақырту түскен. Шақыртуға жеткен жедел тергеу тобы 43 жастағы ер адамды тапқан.
- Сот-медициналық сараптама тағайындалып, факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 және 41 жастағы ер адам соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды, - делінген баспасөз мәліметінде.