23:17, 10 Ақпан 2014 | GMT +5
Ақтауда қуаты 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий теңізінде болған жер сілкінісінің әсері Ақтау қаласынан да сезілген. Бұл туралы «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында айтылған.
Ақтаудағы жер сілкінісінің қуаты 2-3 баллға жеткен.
«Геофизикалық зерттеулер институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәліметтер орталығының жедел ақпараттарына сәйкес, 10 ақпан күні Астана уақыты бойынша 18 сағат 06 минутта Әзірбайжан елінің шығысында жер сілкінісі тіркелді. Сарапшының координаталары бойынша ол 40.23 градус солтүстік ендік пен 48,63 градус шығыс бойлығында байқалған. Магнитудасы Mw=5.4, тереңдігі h=55 шақырым. Жер асты дүмпулері Ақтау қаласының төменгі аймағынан байқалды», - дейді Маңғыстау облысының ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Гүлнәр Қожабекова.