Ақтауда құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты сот отырысында 2 сотталушыдан жауап алынып, бейнежазбалар көрсетілді

АҚТАУ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік оқиғасы кезінде атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолданумен қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған деп айыпталған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс
None
None

бойынша бүгінгі сот отырысы ашық тәртіпте БАҚ өкілдері мен бақылаушылардың қатысуымен өтті, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.   

Сот талқылауы сотталушылардан жауап алумен жалғасты. Бүгін сот отырысында 2 сотталушыдан жауап алынды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар сотталушыларға өз сұрақтарын қойды.

Сот залында 2011 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзенде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында түсірілген бейнежазбалар көрсетілді.

Келесі сот отырысы ертең сағат 10.30-ға тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар