Ақтауда құны 2 млрд. теңгені құрайтын героин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 қыркүйекте Ақтауда Түркиядан әкеле жатқан 123 келі героин өткізудің жолы кесілді.
None
None

Бағалау бойынша, жүктің құны екі миллиард теңгеден асады.

ҚР МКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау қаласында жедел-іздеу іс-шарасы барысында ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің Экономикалық тергеу қызметі мен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері Түркиядан Ақтау порты арқылы келген Iveco маркалы автомашинадан тыйым салынған зат тапты.

Алдын ала болжам бойынша ұсталған жүк салмағы 123 келі героин болып шықты. Оның құны қара базарда 2 млрд. теңгеден асады.

Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар