Ақтауда күзетші әріптесін атып тастады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС нысанында болған кісі өлімі фактісі бойынша ҚР ҚК 101-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
None
None

«Күзет» қызметіндегі күзетшілердің бірі бір ауысымда өзімен бірге жұмыс істейтін әріптесін абайсызда атып алды. «Үшінші күзетші соған куә болды. Оның сөзіне қарағанда, екеуінің арасында ешқандай жанжал болмаған, тек неге екені белгісіз бір уақытта біреуі қолына тапанша алыпты. Ал оқтың әріптесіне тигенін куәгер кездейсоқ жағдай деп санайды. Оқиға орнына бірден жедел медициналық көмек көрсету мамандары шақырылғанмен марқұм ауруханаға жетпей жан тапсырды. Оқ атқан күзетші қазір Ақтау қаласының уақытша ұста оқшаулағышында отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

Соңғы жаңалықтар