Ақтауда Land Cruiser Prado мен ВАЗ автомобильдері соқтығысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда кеше, 22 қыркүйекте 13 сағат шамасында Land Cruiser Prado мен ВАЗ-2107 автомобильдерінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды.
None
None

Полицияның мәліметінше, ешкім ауыр жарақаттанбаған, деп хабарлайды lada.kz.

Жол апаты қаладағы Қашаған ескерткіші маңындағы айналма жолда болған. Жол-көлік патрулінің деректеріне қарағанда, доңғалағы жарылған Land Cruiser Pradoның жүргізуші рульге ие бола алмай, ВАЗ-2107 машинасына соқтығысқан.

Инспекторлардың айтуынша, ешкім ауыр жарақаттанбаған, тек көліктерді жөндеуге тура келеді. Фото Кадырбека Айдарулы

Соңғы жаңалықтар