Ақтауда МАЭК кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында қайғылы жағдай болды. Жұмысшылардың бірі белгісіз жағдайда көз жұмған. Осы оқиға қатысты тергеу басталып, сараптама тағайындалған.

Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты
Фото: Kazinform

Кәсіпорынның баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға салдарынан қайғылы жағдай болған.

Ал, жергілікті InAktau сайты куәгерлердің сөзін назарға алып, кәсіпорында бүгін құбыр жарылып, қайғылы жағдай болғанын жазған.

МАЭК кәсіпорны баспасөз қызметінің хабарлауынша, энергетикалық комбинатта ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, тергеу басталған.

Бұған дейін, Ақтауда жол бойында лезгинка билегендер жазаланғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар