Ақтауда Маңғыстаудың даңқын шығарған адамдар туралы 9 томдық еңбек таныстырылды

Шығармашылық кешке өңірдің белгілі қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар мен өлкетанушылар қатысты. Қонақтарға Жетібай Жылқышыұлының шығармашалығы жайлы фильм көрсетілді, ол өзінің бүкіл өмірін танымал маңғыстаулық суырып салма ақындардың, билердің, батырлардың, емшілердің шығармаларын жинап, зерттеп, жіктеуге арнады.
Автор кітаптарға материалдар жинауға 20 жылын арнады, тағы 10 жыл көптомдық еңбекті жазуға кетті. Бұл жұмыс бұдан әлдеқайда бұрын аяқталған болатын, алайда жазушы кітапты бастыруға қаржы таба алмады. Оған бұл жолы Болат Тайжан атындағы қордың басшылығы - экономист, ғалым Мұхтар Тайжан қолдау көрсетті.
«Бұл есімдер тізімі емес, Маңғыстау өлкесінің тарихы, ұлттық дәстүрлер туралы тұтас этнографиялық энциклопедия», - деп атап өтті танымал өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Отыншы Көшбаев.
Автор қайтыс болар алдында ғана басып шығарылған кітаптарда көптеген тарихи құжаттар , естеліктер, адай руы ұрпақтарының генеалогиялық шежіресі келтірілген.
Шежіре материалдарында ата-тек шежіресі, рулық-тайпалық қатынастар жөнінде әңгімелер, схемалар, тізімдер берілген, сондай-ақ Мәтжан би, Шоғы батыр, Ер Қосай сияқты тарихи тұлғалардың өмір деректері келтірілген.
Сондай-ақ кешке қатысушыларға жазушының жеке заттары - шапаны, жазу машинкасы, асатаяғы, мандолинасы, бірнеше жарияланған және әлі баспа бетін көрмеген жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.