Ақтауда мас күйінде Halyk Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған 43 жастағы күдікті ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 31 «А» шағынауданында орналасқан Halyk Bank-ке шабуыл жасап, келушілерді пышақпен қорқытқан 43 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оқиға 16 қаңтарда болған.

«Белгісіз біреу мас күйінде 31 «А» шағынауданында орналасқан Halyk Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасап, банкке келушілерге пышақ көрсеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні ұстады» делінген баспасөз мәліметінде.

Аталған дерек Ақтау қаласы полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар