Ақтауда Наурыз мерекесіне орай 200 балаға сыйлық табысталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда «Мейірімді ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай 200 балаға сыйлық берілді.

Арқан тартыс
Фото: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімдігінің қолдауымен шарада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалары қуанышқа кеңелді.

Мерекелік кеште балалар үшін концерттік бағдарлама жалғасын тауып, ұлттық ойындар ойнатылды. Оның ішінде балалар асық атып, арқан тартыс ойынына қатысты. Сондай-ақ, оларға ұлттық киім мен тақия табысталды. Шараға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қатысып, балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурызнама онкүндігінде көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар өтіп жатыр. Наурыз мерекесі — түркі тілдес халықтардың ортақ мейрамы. Бүгінгі мерекелік шара ұйымдастырушысы „Мейірімді ана“ қоғамдық қорына ризашылығымды білдіремін. Балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін. Ойлаған арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Наурыз мерекесі құтты болсын», — деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.

Сондай-ақ, балаларға тәттілер мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік дастарханда жайылып, «Мейірімді ана» қоғамдық қорының жетекшісі Динара Көктаубай бұл шара өңірге қарасты басқа аудандарында да өткізілгенін жеткізді.

«Жалпы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара Маңғыстау облысы бойынша өткізілді. Ақтау қаласымен қорытындыланды. Негізгі мақсат — балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Балаларымыз аман болсын!», — деді «Мейірімді ана» қоғамдық қорының жетекшісі Динара Көктаубай.

Маңғыстауда Наурызнама аясында екі жүзге жуық іс-шара ұйымдастырылады. https://kaz.inform.kz/news/nauriznama-mangistauda-189-s-shara-oted-4fa1d3/ Бұған дейін Маңғыстау облысында 29 ақпан мен 3 наурыз күндері аралығында Алғыс айту күніне орай 10 мыңға жуық іс-шара өткен болатын.

Ал Амал мерекесіне орай Отпан тауда бір неше мәдени шаралар өткізілді

Соңғы жаңалықтар