Ақтауда өкілеттіктерін асыра пайдаланған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ісі бойынша сот отырысы ашық түрде өтті

МАҢҒЫСТАУ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолданумен қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланды деп айыпталған
None
None

құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық түрде өтті.

Оған БАҚ өкілдері, республикалық және халықаралық бақылаушылар қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотынан хабарлады.

Сот талқылауы куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алумен одан әрі жалғасты. Бүгін сот отырысында ­29 куәгер, 1 жәбірленуші сұралды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар куәгерлер мен жәбірленушілерге өз сұрақтарын қойды.

Келесі сот отырысы 10 мамырға сағат 14.00-ге тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар