Ақтауда оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмей қалды

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабарламадан кейін, оқушылардың жартысынан көбі мектепке бармай қалған. Ата-аналар сақтық үшін, балаларын үйде қалдыруды жөн көрген.

Қаңтардан бері сабаққа қатыспаған жасөспірім Алматыдағы арнайы мектепке жіберілді
Фото: freepik.com

Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, барлық мектепте күзет бар, бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері жұмыс істеп тұр. Жағдай бақылауда.

— 2025 жылғы 9 қараша күні мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Ақтау қаласы тұрғындарының арасында алаңдаушылық тудырған жалған ақпарат таралды. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары шұғыл әрекет етіп, арнайы жедел-тергеу штабы құрылып, барлық қажетті тексеру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай қауіп жоқ екені анықталды. Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдары қалыпты (штаттық) режимде жұмыс істеп жатыр. 10 қараша күні Ақтау қаласындағы мектептерде 1 және 2-ауысым сабақтарына 30 502 оқушы қатысты. Бұл жалпы оқушылар санының 43,1% құрайды, — делінген хабарламада. 

Бұған дейін, «Ақтау мектептерінде жаппай қантөгіс болады» деген желідегі жазба тексеріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар