Ақтауда Олжас Сүлейменов пен Алик Айдарбаев табиғатты қорғау саласындағы марапатқа ие болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында алғаш рет қоршаған ортаны қорғау саласында 16 «Құрмет» қоғамдық сыйлығы табыс етілді. Марапат алушылар қатарында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР қоғамдық-саяси қайраткері Олжас Сүлейменов, журналистер, соның ішінде «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі де бар.
None
None

Сыйлықты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Эко Маңғыстау» қызметінің 16 жылдығына орай тағайындады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Жаһандық экология» номинациясы бойынша алғашқы сыйлық қоршаған ортаны қорғауды дамытуға, жаһандық және аймақтық экожүйелерге арналған жобалар, халықаралық ынтымақтастық, халықаралық стандарттарды енгізу және азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Алик Айдарбаевқа берілді. Дәл осындай сыйлық Олжас Сүлейменовке де берілді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Құрмет» қоғамдық сыйлығының «Өңір экологиясы» номинациясымен Орынбасар Тоғжанов және Маңғыстау облысы Экология департаментінің басшысы Абай Сафинге берілді.

«Экология және ғылым» номинациясы бойынша Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры Ғұсман Кенжетаев және Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаев марапатталды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары және қоршаған ортаны қорғау» номинациясы сыйлығына 4 журналист ие болды: Людмила Петриченко, Елена Калинина, Надежда Шульга, Лиана Рязанцева.

«Инновациялық тиімді технологиялар» номинациясына Қазақстандағы БҰҰ ДБ лайық деп танылды.

«Экологиялық бастамалар» номинациясымен Маңғыстау туризм колледжінің директоры Мирсат Ізмұхамбетов пен Маңғыстау облысындағы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының төрағасы Әділбек Қозыбақов және Дмитрий Клинчев пен NORTH CASPIAN OPERATING COMPANY компаниясы марапатталды. «Тұрақты дамуға арналған білім беру» номинациясы сыйлығы Алтынай Ермағанбетоваға берілді.

Соңғы жаңалықтар