Ақтауда оннан аса шағын ауданда су тоқтады
Ақтауда магистралдық ауыз су құбырында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты оннан аса шағынауданда уақытша су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі таңда қала бойынша судың қысымын реттеу үшін 7 дана көтергіш сорғы станциясы орнатылған. Ал 4 сорғы станциясы коммуникацияға қосылған. Енді 3 сорғы станциясын магистральді ауыз су құбырына қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Қала бойынша су қысымына көп шағым түсуіне байланысты 7 сорғы станциясы орнатылған еді. Бұған дейін 6, 7, 24 және 11-шағынаудандарда 4 сорғы станциясы инженерлік желілеріне қосылды. Бүгін қалған 3 сорғы станциясын қосқаннан кейін, барлық 7 сорғы станциясы өз жұмысын бастайды, - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислям Үсенов.
Айта кетсек, өткен айда авариялық жөндеу жұмыстары болып, 30-ға жуық шағын ауданда су тоқтап қалған болатын.