Ақтауда өтетін халықаралық шараға Димаш Құдайберген қатысуы мүмкін
АҚТАУ. KAZINFORM — 5 сәуір күні Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында «Ақтау — Түркі әлемінің астанасы» іс-шарасының ашылу салтанаты өтеді.

Желіде іс-шаралар бағдарламасы да таратылды. Соған сәйкес, гала-концертке танымал әнші Димаш Құдайберген қатысады.
Сонымен қатар, «Kalifarniya», Мирбек Атабековтің хедлайнер ретінде өнер көрсетуі жоспарланған. Бағдарламада әзербайжандық әнші Роза Зергерли мен әйгілі «Ялла» тобы да бар.
Бірақ Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы бұл ақпараттың әлі расталмағанын хабарлады.
— «Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шараларының ресми бағдарламасы әлі нақтыланып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, Антарктидаға саяхат жасаған ақтаулық тұрғын туралы жазған болатынбыз.